QazaqSTEM
Junior

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық және оқу белсенділігін арттыруға арналған инновациялық білім беру жүйесі

Būl saitta

Жаратылыстану, дүниетану, математика, еңбекке баулу және информатика пәндерін (STEM) біріктіріп оқытамыз.

Бұл ғылымдардың барлығын халқымыздың төл мәдениеті, салт-дәстүрі және этнопедагогикасымен ұштастыра отырып ұсынамыз.

Saittyñ
erekşeligi

Грант және Серіктестік
 2025 жылдың 3 желтоқсанда «Jas ǵalym-2026» ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыруға арналған конкурс жеңімпаздарының марапаттау рәсімі өтті. Байқау жеңімпаздарын І. Жансүгіров атындағы  Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор, заң ғылымдарының докторы, профессор Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы құттықтап, сертификаттарды табыстады. Жалпы конкурсқа 27 өтінім беріліп, 15 жоба жеңімпаз деп танылды. Қаржыландыру сомасы – 19 миллион теңгені құрады. Осынау айтулы додада оқ бойы озық шығып, грант иегері атанған үздіктердің қатарында «QazaqSTEM Junior. Ұлттық құндылықтарға негізделген бастауыш сыныпқа арналған STEM-білім беру сайты» болды. Жоба жетекшісі: Чункенова С.С., жоба орындаушылары: Майденова Н.И., Базарбай Б.Х., қаржыландыру сомасы: 1 500 500 теңгені құрайды. 

Грант иегерлері

Чункенова Сымбат Сабитовна
Талдықорған қаласы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің
“Педагогика және психология” факультетінің философия докторы PhD, оқытушы – дәріскері
Майденова Наргиза Иминжоновна
6В01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының
2 курс студенті
Базарбай Балнұр Хайргалиқызы
6В01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығының 3 курс студенті

Мектеп күн тәртібі

Пайдалы ақпарат

Ұлттық құндылықтар мен STEM білімін кіріктірудің маңызы

       Қазіргі білім беру жүйесінде STEM бағыты оқушылардың ғылыми ойлауын, шығармашылық қабілетін және практикалық дағдыларын...

QazaqSTEM Junior жобасына қатысушы ата-аналарға арналған кеңестер

Құрметті ата-аналар! Баланың білімге деген қызығушылығы ең алдымен отбасыдан басталады. QazaqSTEM Junior жобасы – балаңыздың...

STEM жобалары арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамыту

       STEM жобалары баланың шығармашылық ойлауын, зерттеушілік қабілетін және өз идеясын жүзеге асыру дағдыларын дамытуға...

Сенің ұлттық STEM әлеміндегі жолың

          Әр баланың бойында ерекше қабілет бар. Біреуі құрастыруды ұнатса, енді бірі сурет салуға, зерттеу...

Мекенжайымыз

БАЙЛАНЫС
И. Жансүгіров к-сі, 187 а
тел: +7 775 149 7189
post@jetuniversity.kz

ТІРКЕЛУ
ЖҰМЫС КЕСТЕСІ
Дүйсенбі – Жұма
08.00 – 19.00
Сенбі – Жексенбі
10.00 – 16.00
“Жетісу мемлекеттік университеті” аялдамасы
Маршруттар: 8, 10, 16, 23, 24, 25, 33